jasqazaq.kz

Алаяққа алданғандар әділдік іздейді

17 наурыз 2017, 23:07

Бір топ көпбалалы келіншек пәтер аламыз деп риэлторға бар жиған-терген ақшасын ұстатып, соңында далада қалған. Алданған әйелдер риэлторды іздеп жұмысына күнде барады. Бірақ ол, алдына келгендерді маңына жуытпай бүгін де қуып шықты. Жәбірленушілердің айтуынша, үш жыл бұрын 10 адам Жақиянованың қолына 15 миллионнан астам теңгелерін санап берген. Ал риэлтор келіншек тұрғындарға арзан баспана алып беремін деп сендірген көрінеді. Құжат жүзінде келісім де болған екен.  КТК арнасы хабарлағандай, соңында жұрт уәде етілген пәтерсіз далада қаңғып қалған. Полиция дерек бойынша қылмыстық іс қозғағанымен, риэлтор ақшамызды әлі күнге қайтарар емес деп ашынады тұрғындар.

Мәлика Кәдірбекова, Астана қаласының тұрғыны:

Үй де жоқ ақша да жоқ .Алдап кетіп отыр. Өзіме келсем, 8 жарым мың доллар бердім. Бәріміздің ісімізді Ішкі Істер департаменті 2015 жылдың мамырынан бері әлі қарап жатыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық