jasqazaq.kz

Алатаяқсыз алғашқы күн (видео)

02 қантар 2017, 23:29

Биылдан бастап Қазақстанның жол-патрульдік полицейлері алатаяқтарын тастап, жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды тек автопатруль арқылы ғана тоқтатуға көшіп отыр. Жол қиылысындағы қозғалысты реттеу жұмысы да алатаяқсыз жүрігізілуі тиіс. ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген жол-патрульдік полиция қызметкері жаңа жылдағы жаңалықтың әсерімен бөлісті. Алайда өз атын жазбауды өтінді.

«Шынымды айтсам, өзіңді біртүрлі сезінеді екенсің. Қолда алатаяқтың болғанына үйреніп қалғансың ғой. Әсіресе, жол қозғалысын реттегенде алатаяқты айналдыруға үйренгенбіз. Сосын көлікті қолмен тоқтатқаны да қызық. Енді, қазіргі жаңалыққа да үйренетін шығармыз. Дегенмен, алатаяқ қажет деп ойлаймын. Алатаяқтың ішкі жарығы болғаннан кейін түнгі уақытта анық көрінеді. Онсыз боранды күні немесе даланы тұман басқанда жол қозғалысын реттеу қиын. Көлік жүргізішулері менің қандай белгі беріп тұрғанымды көрмей қалуы әбден мүмкін. Білмеймін, бізге жарыққа шағылысатын қолғап беретін шығар. Сонда жол-патрульдік полиция қызметкерінің белгісі анық көрінеді», -дейді ол. Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап еліміздегі жол-патрульдік полиция қызметкерлері толығымен автопатрульге ауысты. Бұдан былай көшеде ережені бұзған көлік жүргізушілерін алатаяқпен тоқтатуға рұқсат жоқ. Қала сыртындағы бекеттерде машинаны тоқтатуға болады.Алайда соның өзінде полиция қызметкері қолмен белгі беруі тиіс.

https://youtu.be/6EMwp5Wnz2o

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық