jasqazaq.kz

Қала тазалығы басты назарда

29 мамыр 2017, 18:18

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин кезекті жұмыс бабымен Көкшетау қаласындағы көшелер мен тұрғын үй аулаларын аралап көріп, абаттандыру және санитарлық тазалық жағдайына назар аударды.

Облыс әкімімен Көкшетау қаласы әкімдігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жергілікті полиция қызметінің басшылығы бірге болды. Осы орайда, өңір басшысы орталық көшелер мен тұрғын үй аулаларының санитарлық жағдайы және бірқатар нысандардың сырт келбетіне қатысты сын ескертпелер жасады.  Әсіресе, «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының облыстық филиалының аумағында гүлзарлар орнатылып, ағаштар отырғызылмағанына назар аударды. Сонымен қатар, Әуезов көшесінің бойындағы №268 мекен-жайы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс алаңы қоршалмағаны да назардан тыс қалмады. Ал, жергілікті полиция қызметінің жұмысына келетін болсақ, қоғамдық тәртіпті қатаң бақылауға алып, бұзақылық жасаған, мәдени-тарихи ескерткіштерді қасақана бүлдіргендерді теледидардан көрсету қажеттігін атап өтті.

Жұмысын қорытындылаған облыс әкімі тиісті органдарға қаланы көгалдандыру, абаттандыру бойынша нақты міндеттер жүктеді. Жабайы сауда нүктелерін қысқарту бойынша шара қолданып, қатты тұрмыстық қалдықтарды ұдайы тазалап отыру және канализациялық люктерге инвентаризация жасауды тапсырды. Оған қоса, қала басшылығына бизнес өкілдерін өздеріне тиесілі жер учаскелерін тәртіпке келтіруге шақыруды жүктеді.

Облыс басшысы Мәлік Мырзалин қалалық саябақта осыған дейін жасаған ескертуі бойынша оң жұмыстар атқарылғанын да тілге тиек етті. Сонымен қатар, Қопа көлінің жағасында болып, жағалауда абаттандыру жұмыстарын жүргізу бойынша жоба әзірлеуді тапсырды.

Жалпы, облыс орталығының дамуы өңір басшысының ұдайы бақылауында. Оған жақында облыс әкімінің қаладағы Васильковка, Орталық және Застанционный шағын аудандарында болғаны айқын дәлел.

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды