jasqazaq.kz

Актриса Анар Батырхан: Ауылдың жігітіне тұрмысқа шықпаймын!

13 ақпан 2023, 12:14


Актриса Анар Батырхан болашақ жарына қандай талап қоятынын айтты. Отандық бағдарламаның біріне берген сұхбатында актриса қыз, ауылдың жігітіне тұрмысқа шыққысы келмейтінін былай деп түсіндірді.
« Ең бастысы маған тірек болатын, өзімді оның жанында әйел заты ретінде сезіне алатындай жігіт керек. Ал қазір жігіттерден ондайды көп көре бермейсің. Олар қазір сенің көлігіңе, ақшаңа, затыңа, киіміңе, әке-шешеңнің қайда жұмыс істейтініне қарайды. Өкінішке орай, таныстарымнан естимін. Маған айтпайды. Қыздардан «Қай көлікпен жүреді екен?» деп естиміз ғой. Қыздардың бәрінде бар ондай. Ал жігіттер де қазір сондай. Бәрі емес, көпке топырақ шашпай-ақ қояйын. Мені Анар Батырхан болғаным үшін жақсы көретін емес, мені Анар деп қабылдайтын жігіт керек», — деді актриса.
Өнер иесі: « Жігітті сүйіп қалсам да ауылда тұрмаймын. Әкемнің, анамның туған жеріне барғанда, демалып қайтамын. Бір күн барасың, екі күн жүресің, бірақ кішкентайымнан қалада өскен қыз болғандықтан, маған қалада тұратын жігіт керек. Мен қазір осы сұхбатта өзімді жақсы көрсету үшін «Иә, мен дайынмын» десем, ол өтірік болады. Мен бірден басынан шешіп аламын. «Егер мені әйелің ретінде көрсең, мен сенімен басқа қалаға барып тұрмаймын. Астана қаласы болсын, тұрмаймын. Мен Алматы қаласында тұрамын. Гастрольмен басқа қалаға кетсем, Алматыны сағынып кетемін. Әке-шешем осында «, — деді.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті