jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты

23 қазан 2025, 10:59

Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

«23 қазанда Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «ГАЗель» жолаушылар көлігі соқтығысты.Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен», — делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен «ГАЗель» автокөлігінің 10 жолаушысы қаза тапты, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Анықталғандай, «ГАЗель» жолаушылар көлігі ресми түрде Т.Жүргенев ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдаумен айналысқан.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс жасап жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Сурет: Видеодан кадр

 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді