jasqazaq.kz

Ақтөбедегі Қобда ауылында 51 үй суға кетті (Видео)

15 наурыз 2023, 21:46

Ақтөбе облысындағы Қобда ауылында төтенше жағдай жарияланды. Тасқын судан мұнда 50-ден астам баспана бүлінген. Олардың бәрі саман кірпіштен салынғандықтан ылғалға шыдас бермей, шетінен опырылып құлап жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ауыл тұрғындарының басым бөлігі қауіпсіз жерге көшірілген. Олар туыстарының үйін паналап жүр. Баспаналарына оралуға мүмкіндік жоқ. Өйткені аулалар көлкіген су. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар жалпы келтірілген шығынды есептеуі тиіс. Ал үйлері қирап қаңғып қалған тұрғындар көпшіліктен жәрдем сұрауға мәжбүр. Қол ұшын созуға кіріскен еріктілер бүгін кешке дейін гуманитарлық көмектің бір бөлігін жеткіземіз дейді. Шенділердің сөзінше, аймақтағы ахуал дәл қазір тұрақты. Су деңгейі көтерілмей қалыпты тұр дейді. Кеше Қобда ауылында су тасып тұрғындар үйінен әзер шығып үлгерген. Қызыл судың бағытын бұру үшін, тіпті күре жолды қолдан қиратып, арық қазуға тура келген.

Құмар Тұрмағанбетов, Ақтөбе облысы ТЖД басқарма бастығы:

— 51 үй суға кетті. Сонымен қатар дене шынықтыру сауықтыру орталығы және СТО мен бір кафе. Қазір ол жерде судың деңгейІ жайлап түсіп келе жатыр, бірақ бақылауда тұр. Жалпы облыс бойынша жағдай тұрақты.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті