jasqazaq.kz

Ақтөбеде Жаңа жыл түнінде өрттен әйел адам қаза болды

01 қантар 2023, 13:32

Ақтөбеде Жаңа жыл түні өрт шығып, салдарынан 58 жастағы әйел қаза тапты. Тағы бір 82 жастағы әйел зардап шекті. Бұл туралы  ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ақтөбе қаласындағы Махамбет Өтемісұлы көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама ТЖ қызметіне 1 қаңтар күні түнгі сағат 1-де келіп түскен. Өрт сөндірушілер жетісімен жатын бөлмедегі 10 шаршы метр аумақтың өртенгенін анықтады. Өрт кезінде газ иісінен екі адам зардап шекті.

«Оқиға орнына 4 техника мен 24 адам аттанды. Келген бойда жатын бөлмеде өрт шыққаны анықталды. Өрт 2 сағаттың ішінде сөндірілді. Салдарынан үйде тұратын екі адам зардап шекті. 58 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жетпей көз жұмды. 82 жастағы қарт әйел аман қалып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД мамандары әсіресе қыс мезгілінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде