
Ақтөбе облысында бірнеше автокөлік соқтығысқан жол апаты болды, — деп хабарлайды JQ-Aqparat.
ІІМ Telegram-арнасының мәліметінше, 23 ақпан Самара–Шымкент автожолында Маржанбұлақ аулының маңында 11 автокөлік соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, ЖКО жолдың нашар көрінуі салдарынан болған. Зардап шеккендер жоқ.
@jasqazaq.kzАқтөбеде облысында 11 көлік соғысты
Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр жасау ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді.