jasqazaq.kz

Ақтаудың әкімі 172 500 теңге төлейді

02 наурыз 2023, 16:18

 

Сот шешімін орындамаған Ақтаудың әкімінен ақша өндірілетін болды.   

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ЖШС-тің Ақтау қаласының әкіміне қатысты талабы қанағаттандырылған. Атап айтсақ, сот шешімімен жауапкердің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартуы заңсыз деп танылып, жердің нысаналы мақсатын өзгертуді, яғни бір ай ішінде ЖШС-нің пайдасына қолайлы әкімшілік акт қабылдау міндеттелген.

Бірақ бүгінге дейін сот шешімі орындалмаған.

Әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес, сот шешімдерін орындау соттың бақылауында және оларды орындаудан жалтарса, 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алынады.

Сот ұйғарымымен Ақтау қаласының әкіміне қатысты 50 АЕК мөлшерінде, яғни 172 500 теңге ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылды.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада: «Әкім оны 5 күн ішінде төлеп, сот шешімін 10 күн ішінде орындауы керек. Әйтпесе, ақшалай өндіріп алу 10 АЕК-ке ұлғайтылады» делінген.

JQ-Aqparat  

 

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді