jasqazaq.kz

Ақтаудағы МӘМС қоры филиалының директоры ақша жымқырды деген күдікке ілінді

12 қантар 2023, 10:11

Ақтауда медициналық сақтандыру қоры қалалық филиалының басшысы қамауға алынды. Ол 17,5 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген. Онымен бірге бұл іске медициналық фирмалардың бірінің директорының да қатысы бар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Компания қормен тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасасқан. Денсаулық сақтау министрлігінің базасына емделу немесе дәрігердің кеңесін алған адамдар туралы жалған мәліметтер енгізілген.

«Азаматтарға тегін медициналық көмек көрсетілді деп тіркелген, бірақ іс жүзінде бұл қызметтер көрсетілмеген. Бүгінгі күні күдікті адам қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», — деді Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов.

Ұсталған Руслан Бектібаев бұрын облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарған. Оның тергеу изоляторына қамалғанына 2 ай болды.

Филиалдың бұрынғы директорына мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка