jasqazaq.kz

Ақтауда 9 млрд теңгені оңды-соңды жұмсамақ болған 34 шенеунік жауапкершілікке тартылды

14 қараша 2025, 9:20

Ақтауда 9 млрд теңгені талан-таражға салмақ болған 34 шенеунік жауапқа тартылды. Олар тендер арқылы тауарларды қымбат бағаға сатып алмақ болған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Мәселен, қала әкімдігі әрқайсысы алты миллион жеті жүз мың теңге тұратын 12 киіз үй сатып алмақшы болған. Ал оның нарықтағы құны төрт есе арзан болып шықты. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұл заң бұзуды Маңғыстау облысының прокуратурасы анықтаған. Қадағалаушы органның мәліметінше, сатып алынатын зат пен қызмет түріне  негізсіз баға белгілеу дерегі барлық ауданда анықталған. Конкурсты дер кезінде тоқтатпағанда, бюджеттің 9 млрд теңгесі мақсатсыз жұмсалатын еді дейді прокурорлар. Тіпті Ақтау әкімдігі қоқыс жәшіктерін сатып алуға бір миллиард теңге бөлмек болған. Алайда бұл тендер де тоқтатылды.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі