jasqazaq.kz

Ақшолақов Қазақстан Германияға мұнай экспорттайтынын айтты

11 қантар 2023, 10:28

Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазақстандық мұнайды Германияға экспорттау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, енді жылына 1,5 миллион тоннаға дейін экспорттау жоспарланып отыр.

Болат Ақшолақов: «Біз алты миллионға дейін экспорттай аламыз. Бірақ Германияның қажеттілігі әрине, жоғары».

Бұл ретте министр экспортты бастау үшін Ресейден жауап керек екенін айтты. Өйткені мұнай осы елдің аумағы арқылы тасымалданады.

Болат Ақшолақов:  «Біз Ресей Федерациясындағы әріптестерден ресми растауды күттік, өйткені олардың шекарасы арқылы өтеді. Біз ауызша растауды алдық. Меніңше, ешқандай проблема болмайды».

Министр экспортқа жеткілікті қуат болатынына сенімді.

Болат Ақшолақов:  «Бізде жауап ауызша, әлі жазбаша түрде жоқ. Бұл нәрсе қиынға соқтпайды деп ойлаймын, қуаты жеткілікті. Ең бастысы, тұтынушылар қабылдап алады. Бізде Ресей Федерациясымен жеткізуге қатысты үлкен проблемалар болған емес. Жалпы алғанда бұл жылына 1,5 миллионға дейін жетуі мүмкін. Бірақ біз бере алатын ең көбі жылына — 6 миллион, мүмкін тонна».

Болат Ақшолақовтың айтуынша, бірінші партия растау алған бойда жөнелтіледі және көлік ұйымдары да тиісті келісімдерге қол қоюы қажет.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді