jasqazaq.kz

«Ақша сұрай беретін енеден қашу керек»: Дәулет Мұқаев келіннің айлығын иемденетін енелерге сын айтты

08 ақпан 2023, 14:42


Жұртты қаржылай сауаттылыққа үйретіп жүрген Дәулет Мұқаев ене мен келін арасындағы ақша мәселесіне тоқталды. Сонымен қатар қаржы блогері отбасылық бюджетті дұрыс басқару туралы айтты.

Ол: «Маған көптеген хат келеді. Олардың арасында мұғалімдер мен басқа саланың мамандары бар. Көпшілігі енесімен тұрады. Енелері картасын тартып алып, пин-кодын сұрап, келіннің ақшасын өзі жаратады. Бірінші кезекте, мұндай енелерден қашу керек. Ажырас деп айтпаймын, бірақ бөлек тұру керек. Әр адамның өз шекарасы, өз аймағы болуы қажет. Мысалы, Қазақстан мен Өзбекстан бір-бірінің шекарасына кіріп кетсе не болады? Соғыс болады. Сол сияқты, отбасында осындай жағдайлар орын алады», — деді. Сондай-ақ белгілі экономист әйел адамдарды өзіне көп алмай, ер адамдарға жауапкершілік артуы керектігін айтты.

«Әйел адамдар отбасындағы барлық жауапкершілікті өзіне алып қояды. Бұл — дұрыс емес. Үйдегі жауапкершілік, ақша табу мәселесі ең бірінші ер адамның мойнына болуы тиіс. «Отбасын мен асыраймын, ақшаны мен табамын» деген жауапкершілікті ер адам бірінші орынға қоюы тиіс. Әйел адам — нәзіктіктің құралы, ұмытпау керек. Сондай-ақ жұмыс істемейтін еркектер бар. Ондай еркектерден де қашу керек. Қыз бен жігіт кездесіп жүргенде, жігіттің ептілігіне, пысықтығына қарау керек. Мұндай адам отбасын ешқашан аш қалдырмайды», — дейді Дәулет Мұқаев.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде