jasqazaq.kz

«Ақша берсеңіз, банкрот деп жариялауға көмектесеміз» дейтін алаяқтар көбейді

14 наурыз 2023, 15:06


Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғаларды банкрот деп жариялауға көмектесеміз деп алдап жатқан алаяқтар пайда болғанын ескертті. Олардың сөзінше, банкрот деп жариялаудың барлық рәсімдері толығымен тегін жүргізілуі қажет. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жеке халыққа қызмет көрсету орталықтарының маңында қазақстандықтарға ақшалай сыйақы үшін банкроттық туралы құжаттарды рәсімдеу бойынша делдалдық қызмет көрсету жағдайлары жиілеп кеткен. Комитет азаматтарға соттан тыс банкроттықтың тегін рәсім екенін еске салды.
«Мемлекеттік кірістер комитеті соттан тыс банкрот жариялау (5,5 миллион теңгеден аспайтын қарыздар бойынша) тегін рәсім екенін хабарлайды. Тек халыққа қызмет көрсету орталықтарының операторларына немесе мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне хабарлассаңыздар жеткілікті. Олар банкрот жариялау рәсімі бойынша тегін кеңес береді», — делінген хабарламада.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық