jasqazaq.kz

АҚШ пен Канадада суықтан көз жұмғандар саны 56 адамға жетті

27 желтоқсан 2022, 14:29

АҚШ пен Канадада жауған қалың қар мен суықтан 250 миллион адам тұратын (ел халқының үштен екісі) аумақ зардап шегуде. Бұл туралы  ВВС сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

АҚШ-тың 12 штатында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. АҚШ-тың ұлттық метеорологиялық қызметі елде бұрын-соңды болмаған қыс болып жатыр деп тұжырымдады. Қатты соққан қарлы боран солтүстіктегі Канададан оңтүстіктегі Рио-Грандеге дейінгі аралықты қамтыды.

АҚШ пен Канададағы ауа райының қолайсыздығынан 56 адам қаза тапты.

Әсіресе Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласында жағдай аса ауыр. Штат губернаторы Кэти Хоулдың айтуынша, қаза тапқандардың көбі жол-көлік оқиғасының құрбандары. Жол-көлік қозғалысы қатты қиындаған. Оның айтуынша көптеген жедел жәрдем көліктері зардап шеккен аймақтарға жете алмай, қарға батып қалуда. Боранға байланысты Вермонт, Огайо, Миссури, Висконсин, Канзас және Колорадо штаттарында да адам өлімі тіркелді. Оңтүстік Флоридада температураның айтарлықтай төмендеуінен өсімдіктер затты зардап шеккен.

Бұған дейін АҚШ-тағы қарлы боран салдарынан 30-ға жуық адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді