jasqazaq.kz

Ақмола облысында жаппай жол-көлік апаты болып, 9 адам зардап шекті (Видео)

09 қантар 2023, 13:32

Ақмола облысындағы тасжолда жаппай жол-көлік апаты болып, 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 8 қаңтарда Астана – Петропавл автожолының 236-шақырымында болып, 9 көлік бір-бірімен соқтығысқан.

«Петропавл қаласының 34 жастағы тұрғыны, ВАЗ 2109 көлігінің жүргізушісі жол-метеорологиялық жағдайларды ескермей, 64 жастағы астаналықтың басқаруындағы Chevrolet Cobalt автокөлігімен және Беларусь Республикасының 38 жастағы тұрғынының басқаруындағы Volvo автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан артынша тағы 6 көлік соқтығысқан. Олардың арасында Renault Sandero, Газель, 2 Toyota Camry, Daimler Chrysler және Toyota Prado көлігі бар.

Көлік апатынан зардап шекккен 19-49 жас аралығындағы 7 жолаушы мен 2 жүргізушісі «Авиценна Бурабай» ЖШС-іне жеткізілді», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда 6 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша «Көлік құралдарының жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан Жол жүрісі ережелерін бұзуы» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.ъ

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка