jasqazaq.kz

Ақмола облысы Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды

17 қантар, 19:08

Ақмола облысы Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Емхана құрылысы Мемлекет басшысының 2024 жылғы тамыз айында Қосшы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында бастау алған болатын. Денсаулық сақтау мекемесі бір ауысымда мың адамды қабылдай алады. Бұл туралы 24 KZ телеарнасы хабарлады.
Емхана алғашқы медициналық-санитарлық, шұғыл, жоспарлы, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге арналған заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен қамтылған. Медициналық мекеме Қосшы қаласының 100 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді.
Жобаның инвесторы – «VIAMEDIS KOSSHY» ЖШС, жалпы құны шамамен 30 млрд теңгені құрайды. Жоба мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбей, компанияның жеке қаражаты есебінен толықтай жүзеге асырылды.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қосшы тұрғындарын қала өміріндегі маңызды оқиғамен құттықтап, емхана ұжымына сәттілік тіледі.
Жыл соңына дейін 350 төсек-орынға арналған стационардың құрылысы аяқталады деп жоспарлануда, оның ішінде Қосшы қаласы мен Ақмола облысының Шортанды, Ерейментау, Егіндікөл, Аршалы, Қорғалжын, Целиноград және Астрахан аудандары тұрғындарына арналған 50 реабилитациялық төсек қарастырылған. Жалпы емхана мен стационарда 700-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ инвестор медициналық қызметкерлерге арналған пансионат пен тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.
«Емхана халықаралық стандарттарға сай салынған. Құрылыс басталған сәттен бастап біз реанимациялық және реабилитациялық бөлімшелерге қажетті жабдықтар бойынша өз ұсыныстарымызды бердік. Бұл жобаның болашағы зор», – деп пікір білдірді «Еңбек ері» атағының иегері, жоғары санатты нейрохирург-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, Серік Ақшолақов
Айта кетейік, соңғы екі жылда Ақмола облысында 38 медициналық нысан салынды. Бұл ауылдық елді мекендердің 75 мыңнан астам тұрғынына медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етті. Ірі жобалардың бірі – Біржан сал ауданында салынған көпсалалы ауданаралық аурухана. Сонымен қатар Атбасар аудандық ауруханасының негізгі корпусы күрделі жөндеуден өтті, Көкшетау қаласында 630 төсек-орынға арналған көпсалалы аурухананың құрылысы жүргізілуде, облыстық балалар ауруханасының алты қабатты корпусы жөндеуі жүргізілуде, «Болашақ» оңалту орталығының күрделі жөндеуі аяқталды.

JQ-Aqparat

Сурет: gov.kz

Бүгін, 13:34
Ғиззат Байтұрсынов: Ғалым Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін