jasqazaq.kz

Академик Әбдімәлік Нысанбаев дүниеден озды

21 ақпан 2023, 14:30

Белгілі ғалым, философия ғылым докторы, профессор Қазақстан ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әбдімәлік Нысанбаев 1937 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қарауылтөбе ауылында дүниеге келген.

Қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.
1960-61 жылы КСРО ҒА-ның Химия ғылымдары институтында аға лаборант;
1961-76 жылы Қазақстан ҒА-ның Философия және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылым философиясы және методологиясы бөлімінің меңгерушісі.
1990 жылдан Философия және құқық институтының (қазіргі Философия және саясаттану институты) директоры.

Сонымен қатар 1997 – 2003 жылы «Қазақ энциклопедиясы» баспасының Бас редакторы қызметін қоса атқарды.

Ғалымның негізгі зерттеу еңбектері диалектика және таным теориясы, ғылым философиясы мен методологиясы, қазақ және түркі философиясы, әлеум. және саяси философия, саясаттану және мәдениеттану мәселелеріне арналды.
Ол ғылыми мектеп қалыптастырып, көптеген ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындады.

570-тен астам ғылыми, ғылыми-сараптамалық, ғылыми-әдістемелік еңбектер, соның ішінде 30 монография, жеке кітаптар мен оқу құралдарын жазған. Бірқатар еңбектері 25 шет тілдерінде жарық көрген.

Ғылымдағы еңбегі үшін Қазақстанның (1984) және Түркияның (1999) Мемлекеттік сыйлықтарын, Қазақстан Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын алған (1998), «Отан», «Парасат» (2004) ордендері (1998) мен бірнеше медальдармен марапатталған. 2005 жылы «Философ Нысанбаев» атты деректі фильм жарық көрді.

Jas qazaq ұжымы Әбдімәлік ағамыздың отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата