jasqazaq.kz

Қайрат Нұртас байқау ұйымдастырып жатыр

22 тамыз 2016, 19:03

ыыы

Қайрат Нұртас инстаграм желісінде байқау ұйымдастырды. Ол жеңімпазды өзі таңдап, артынша 10 тыңдарманымен кездесу ұйымдастырмақ. Ал кездесу тек Алматы, Астана қалаларында өтеді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өзге әріптестері секілді Қайрат Нұртас та желіде байқау ұйымдастырды. Байқау шарттары да тыңдармандарына таңсық емес. Оның шартына сәйкес желі қолданушысы Қайрат Нұртастың орындауындағы “Өмір ғажап”, “Орындалмаған арман”, “Шіркін-ай” сынды әндердің ковер нұсқасын айтуы тиіс. Кейін ән айтқан сәтін таспалап, оны желіге#KairatCover хэштегімен жүктейді. Осыдан кейін жеңімпаз қыркүйек айының 1-і күні анықталады.

Ерекше өнерімен әншіні тәнті еткен 10 жеңімпаз Астана және Алматы қалаларында Қайрат Нұртаспен кездесу мүмкіндігіне ие болады. Мұнымен қатар, отандық брендтердің бірі қымбат сыйлықтарын ұсынады.

 

kaz.365info.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық