jasqazaq.kz

Айнұр Тұрсынбаева: Әйелі сыйламаған еркектің ешкімге сыйы болмайды…

06 наурыз 2023, 12:07


Айтыскер әрі рухани психологАйнұр Тұрсынбаева қыз- келіншектерге арнап әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Ол:«Әйелдің ішкі жан дүниесі қандай болса өмірі де сондай болмақ… Егер ер-азаматына деген ішкі құрметі, махаббаты мықты болса отбасының қарым-қатынасы да мықты болады.. Біз сырттай құрметтеп, қызмет көрсетіп барынша тырысамыз. Бірақ іштей сенбейміз… Немесе көп қылықтарын қабылдай алмаймыз… Қанша жерден асты-үстіне түссек те ішімізде реніш пен тәкаппарлық көп болса отбасының діңгегі әлсіреп кетеді… Яғни сыртымызды жылтырата бермей жан-дүниеміздің байлығына көп мән беріп, ішкі қуатымызды арттыру үшін көп оқып, дамуымыз керек.. Әйелдің ішкі сенімі мен сезімі ұрып тұрса, еркек ешқайда кетпейді… Ішкі тегеуріні мықты әйел азаматын өзі ғана сыйлап қоймай, басқалардың да құрметін арттырады! Яғни әйелі сыйламаған еркектің ешкімге сыйы болмайды… Ол үйдің балалары да жасықтықпен жалтақтап өседі… Еркек бар болсын, жоқ болсын баланың әкесіне деген құрметінен өзіне деген құрметі басталады! Еркек құрмет көрген үйдің ұлы қай жерде де өзін патшадай сезіне алады…
Көп жағдайда еркектен махаббатты талап етеміз. Шындығында махаббат қолдан жасалатын немесе сұрап алатын зат емес… Махаббат оянады… Махаббат аадмның ішкі қуатын сезінгенде пайда болатын сезім.. Ешқандай еркек әйелдің фигурасына, біліміне, шашына, байлығына қызығып үйленбейді! Сіздің жан дүниеңіз қандай болса соған сай адамды Алла кезіктіреді! Сізге деген махаббаты Алла жүрекке салады.. Оны өшірмеу үшін не істеуіміз керек?!»- деп, көпшілікке ой тастады.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті