jasqazaq.kz

Айлығы аз жұрт азық-түлікті несиеге алып жатыр

03 ақпан 2022, 23:19

Ішіп-жемнен артылмайды! Қазақстандықтар тапқан табысының 60 пайызын азық-түлікке жұмсайды. Ал жалпы еліміздің жан басына шаққан жылдық шығыны 15 пайызға өскен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұның барлығына қазіргі уақыттары қымбатшылық себеп дейді сарапшылар. Өйткені айлығы шайлығына жетпейтін жұрт тіпті супермаркетте тамақты да несиеге алады.

Мәселен, 2020 жылдың үшінші тоқсанында орта есеппен бір отбасы 180 мыңға жуық теңге жаратса, былтыр бұл көрсеткіш 206 мыңнан асқан. Cондай-ақ ең көп шығындалатын – Алматы қаласының тұрғындары. Бір ғана отбасыдан жаз айында 278 мыңнан аса шығын шыққан. Бұл алдынғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп.

Одан кейін Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Екеуінде де көрсеткіш 250 мыңнан жоғары.

Ал жылдық көрсеткіш бойынша Түркістан облысының тұрғындарының да қаражатты көптеп жаратқаны белгілі болды. Әсіресе сарапшылар қарашаның қалтасын қағатын азық-түлік екенін айтады. Яғни әлеуметтік маңызы бар тауар бағасының шарықтауы жығылғанға жұдырық болған.

Мақсат Халық, экономист:

— Қазір Қазақстан халқын толығымен кедей халықтың қатарына қосуға болады. Неге өйткені шығын санатында азық-түлікке өте көп ақша жұмсайды. Қазір қарап отырмыз, тіпті азық-түлікке алған ақшасының барлығын ғана жұмсап қою былай тұрсын, тіпті қазір банк карточкалары арқылы қарызға алып жатқандар бар. Әйтпесе бізде қазір көлік те қымбат, үй де қымбат. Басқа тұрмыс-тіршілікке қажет дүниенің барлығы қымбаттаған.

Бүгін, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты