jasqazaq.kz

Айдана Меденова орамалды ару атанды

04 қантар 2023, 11:15

Әнші Айдана Меденова желідегі бүкіл сурет, видеоларын өшіріп тастады. Себебі әнші толыққанды шешімге келіп орамалды ару атанды.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Орамалға қалай келгенін, қашан шешім қабылдағанын оқырмандарына жазба арқылы жеткізген әнші бақытты екенін айтты.

Айдана Меденова:
«Иә, мен басыма орамал тақтым. Бұл шешімімді түсінбей жатқандар да бар. Әрине, бұл да қалыпты нәрсе. Мүмкін кейбір адамдар «Айдана бір күнде оранып шыға келді, асығыс шешім жасады» дейтін шығар. Бірақ бұл аяқ астынан жасалған шешім емес. Бұл күнге жету үшін мен ұзақ дайындалдым.

Әдетте, мен өмірімдегі өзгерістің бәрін жариялай бермеймін. Мінезім сондай. Көбінесе, нәтиже көрсетуге тырысамын. Мысалы менің 4 жылдан бері бес уақыт намаз оқитынымды көпшілік біле бермейді.

Аллаға шын сыйынсаң, намаздан кейінгі қадамға да бағыттап отырады екен. Алла маған шындықтың есігін ашты. Мен енді оны жоғалтып алмауға барымды саламын. Ол жолдан адасып қалмау үшін сыйынып келемін. Осы күнге жеткенім – менің Алланың ақ жолындағы кезекті қадамым деп білем.

Басыма орамал таққаным – өзімді идеальная сезініп қалғаным емес. Ол да бес уақыт намаз секілді менің парызым. Мен Аллаға сенемін. Осы уақытқа дейін бұл қадамға бара алмауымның сан себебін тауып алатынмын. Бірақ қазір ол кедергілерден өттім. Ішкі қайшылықтардың бәрін жеңдім. Шындықтың есігі ашыла түскен кезде өзіме бұрынғыша көз жұма қарай алмадым.»,- деп жазды әнші Меденова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Айдана Меденова (@aidanamedenova_officialpage)

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка