jasqazaq.kz

Айдаладағы мектепке барудың азабы

01 ақпан 2017, 13:42

Мәртөк ауданының Аққайың ауылында орта білім беретін мектеп ыңғайсыз орналасқан. Ауыл бөлек, ал мектеп айдалада тұрғызылған. Ауыл балалары мектепке қатынау үшін арадағы қайың орманын кесіп өту керек. Рас, жол ашық болу үшін жүз шақты қайың кесілген болу керек. Мектепке жақындай бергенде қалың қардың кеше-бүгін ашылғанын аңғару қиын емес. Қар үйінділері адамның бойынан асады.

Облыс орталығынан адамдар келетін болған соң, мектептің аузына оқушылар тасымалдайтын Уазик көлігін әкеліп қойыпты. Дегенмен, Аққайың ауылынан немересін шанаға отырғызып, бет-аузын сүлгімен жауып келе жатқан жергілікті тұрғынды сөзге тарттық.
«Ауыл мен мектеп-балабақша арасы біршама жер. Күн ашықта, боран болмағанда қара жолмен жарты сағатта жетемін. Немеремді шанаға отырғызып аламын да жаяу тарта беремін. Жалғыз мен емес, ауылдың барлығы осында солай қатынайды. Әйтеуір бүгін күн де ашық, жол да тазартылған», — дейді Анна әжей.


Мектепке кіре бере облыс басшысы да бірден: «айдалада салынған мектептерің осы ма?» деп салды сырт киімін шешіп жатып. Дереу мәжіліс залына тартқан ол ондағы отыратын орын санын сұрады. 50 орынға есептеліп шыққан болды. Сахналары тым сопақ. Үлкен залдың үштен бір бөлігін алып тұр.
«Мына сахнаны кішірейтіңдер. Өзі 50 адамға есептелген екен. Ал мектепте оқитын, тәрбиелетін бала саны 100-ге жуықтайды. 30 шақты мұғалім бар шығар. Мына залға барлығы сыймайды ғой», — деп ауыл әкімі мен мектеп басшылығына ескерту жасады Бердібек Сапарбаев.
Су жаңа мектептің баспалдақтағы олқылық та әкімнің назарын аударды.


«Мердігерге мына кемшіліктерді жөндеу жөнінде тапсырма беріңдер. Бұжыр-бұжыр баспалдақты сырлап қойыпсыңдар, білмей қалады дедіңдер ме? Содан соң, сыртта кіреберістегі баспалдақты да ретке келтіріңдер. Балалар тайып құлауы мүмкін», — деді Бердібек Сапарбаев мектеп басшылығына.
Мұнда мұғалім тапшылығы сезілмейді. Негізгі пәндердің барлығын мамандар оқытады.
Бір сыныпта 3-4 оқушыдан, әрі кетсе, 5 оқушыны көзіміз шалды. Оның үстіне, Мәртөк ауданында бірнеше ұлт өкілі шоғырланғанын ескерсек, сабақ мұнда тек қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде де жүргізіледі. Жаңаның аты — жаңа. Айдалада тұрғанымен, ғимарат көздің жауын алып тұр.
Жергілікті шенділер ауыл ортасында бос жердің болмағанын алға тартып отыр. Сондықтан, мектеп құрылысына қажетті жер телімі ауылдың сыртынан бұйырыпты.


Мұғалімдер де, ауыл басшылары да екі ортаның қашық еместігін алға тартып отыр. Соның өзінде осындай олқылықтары үшін облыс басшысынан сын естіп қалды. Абырой болғанда, мұнда балалар бір ауысыммен оқиды. Үйлерінен, көбіне, бірге шығады. Мектептен де бірге қайтады. Мұғалімдері де сол жолмен қатынайды.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық