jasqazaq.kz

Аида Балаева: «QAITADAN» — кино өндірісінде мемлекет қаражатын бес есеге артығымен ақтаған алғашқы жоба

29 қыркүйек 2025, 20:01

Қазақстандық режиссёр Думан Еркімбектің дебюттік толықметражды фильмі «QAITADAN» үш апта ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокатта көш бастады.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осы фильмді түсірген шығармашылық ұжымды құттықтады.
Министр өзінің Facebook парақшасында: «Үш аптадан бері отандық кинопрокатта көш бастаған «QAITADAN» көркем фильмі 1 млрд теңгеден астам табыс тапқандығымен шығармашылық ұжымды шын жүректен құттықтаймын!
Бұл кино өндірісіне жұмсалған мемлекет қаражатын бес есеге артығымен ақтаған алғашқы жоба. 2023 жылы питчинг жеңімпазы атанған кинотуынды – жас режиссёр Думан Еркімбектің толықметражды дебюті. Осындай креативті, бастамашыл әрі отаншыл жастарды қолдау бәріміздің ортақ міндетіміз.
Фильмде отбасы институты дәріптеліп, әлеуметтік жауапкершілік пен адамгершілік қағидаттары көрініс табады. Себебі өзіңді ғана емес, айналаңды, тіпті тұтас қоғамды құтқаруға ұмтылу – әр адамның міндеті.
Киноның әр диалогы – қоғамға ой тастайды, әр көрінісі – көрерменнің жүрегіне жақын.
Қазіргі таңда «QAITADAN» фильмі еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілуде. Барша көрермен қауымды осы туындыны бірге тамашалап, ұлт рухын асқақтатар отандық жобамызды қолдауға шақырамын! Арнайы алтын уақыттарыңызды бөліп, киноға келіңіздер. Фильмнен жағымды әсер алып, бір толқында болып, бірге ой түйейік. Шынайы еңбектің бағасын беріп, киногерлерімізге дем берейік.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында киноға қатысты: «Тағы бір түйткіл – қазір кинотеатрда көрсетілетін фильмдерге қатысты қоғамдық сын бар. Былтыр қазақстандық мамандар түсірген 94 фильм шыққан, яғни, негізінен өзіміздің өнім шығарылып жатыр. Бұл – жақсы үрдіс. Бірақ біз ең алдымен санға емес, сапаға көңіл аударуымыз керек» — деген болатын.
Кино ұлтты ұйытып, болашақ ұрпақты тәрбиелеуі тиіс. Сапалы, сауатты, талғамы биік картиналар саны артқан кезде ғана отандық киноның еңсесі биік болады.
Сондықтан министрлік ұлттық киноны дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.
Баршаңызға сәттілік тілеймін!», — деп жазды.
JQ-Aqparat

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді