jasqazaq.kz

AIBA өзін ақтауға көшті

18 тамыз 2016, 1:48

20160816122225

Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) Рио-де-Жанейродағы Олимпиададағы ұрыстар қорытындысымен шығарылған бірқатар төрешілер шешімдерін қайта қарады.

«Барлығы 239 ұрыс өтті, олардың кейбірінде төрешілік тиісті деңгейден төмен болды. Олар бойынша жұмыс жасаған төрешілер шеттетілді және бұдан әрі Олимпиада-2016 жекпе-жектерінде қызмет атқармайды», – делінген АІВА мәлімдемесінің мәтінінде.

Сонымен бірге қауымдастық тәртіптік санкциялар қолданылған төрешілердің аты-жөнін келтірмеген.

Еске сала кетейік, соңғы бірнеше күн бойы олимпиадалық бокста бірден екі дау туындады және екеуі де ресейлік боксшылардың пайдасына шешілді. Әуелі төрешілер жеңісті қазақстандық Василий Левитке емес, Евгений Тищенкоға берді, одан кейін Владимир Никитин ирландық Майкл Конланнан күштірек деп санады.

Бұдан кейін Қазақстан Бокс фендерациясы АІВА ережелері бойынша, төрешілер шешіміне қарсы шағым бере алмайды және ҚБФ Халықаралық бокс қауымдастығының мүшесі ретінде бұл ережелерді сақтауға міндетті, деп атап өтті.

Айта кетейік, қазақстандықтар боксшының күміс медалін олимпиадалық «алтынмен» бағалауды және Олимпиада чемпиондары деңгейінде сыйақы төлеуді ұсынды. Бүгін федерация осы бастаманы қаперге алғаны белгілі болды.

«Василий Левит олимпиадалық рингтегі финалдық жекпе-жегінде көрнекті нәтиже көрсетті, жеңіске деген еркін білдірді және ол олимпиадалық күміс медальға ие болса да, оған мемлекет 150 мың доллар сыйақы төлейді, Қазақстан Бокс федерациясының  президенті Т.Құлыбаевтың шешімімен, бұл сомаға тағы жүз мың доллар қоса төленеді, сөйтіп, Левиттің сыйақысы «алтынға» теңеледі», – деп хабарлады ҚБФ.

stan.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық