jasqazaq.kz

АИ-92 — 141 теңге

17 ақпан 2017, 18:21

Астанадағы жоғары сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензинінің бағасы жанар-жағармай стансаларында тағы да өсті. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 бензинінің бағасы литріне барша еліміз бойынша 141 теңгеге дейін өсті.

ҚазАқпарат хабарлағандай, бұған дейін отын құны 139 теңге болатын. Сонымен қатар осында АИ-95 бензині де қымбаттады. Егер де бұған дейін бір литрі 150 теңгеге сатылса, бүгінгі баға 154 теңге деңгейінде белгіленді. Ал АИ-80 бензині литріне 89 теңгеден өткізіліп жатыр. Айта кетейік, ҚМГ-да ең арзан бензин сатылған болатын. Бұдан бұрын бұл бекеттерде желтоқсанның басында литріне 128-ден 133 теңгеге дейін көтерілді, ал кейіннен 137 теңге деңгейінде қалыптасты. 2017 жылғы 6 ақпаннан бастап 139 теңгеге жетті. «Номад ойл» бекеттерінде АИ-92 отыны 139-дан 141 теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар бензин бағасы «Sinooil» жанармай құю стансаларында бұрынғы деңгейде тұр. Бұл компанияда АИ-92 маркалы бензині 140 теңгеге, АИ-95 маркасы 152 теңгеге сатылып жатыр. «Helios» жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 бензині 140 теңге (ақпанның басында 138 теңге болды), АИ-95 отыны 151 теңге сомасында саудалануда. Бұдан бөлек, «Аурикада» АИ-92 маркасының құны 141 теңге болса, АИ-95-тің бағасы 161 теңгені құрап тұр. Естеріңізге сала кетейік, ақпанның басында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елімізде бензин не себепті қымбаттағанын түсіндірген еді. «Себептердің бірі — ол рубльге шаққандағы теңге бағамының өзгерісі, яғни екі апта бұрын орын алған жағдайға байланысты»,-деді сол кезде министр. Сонымен қатар ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанда АИ-80 маркалы бензиннің өндірісі 2018 жылға дейін тоқтатылмайтын мәлім етті. «Біздіңше, 80-ші бензиннің тұтыну көлемінің артуына, жүргізушілердің үнемдеу мақсатында Аи-92 жанар-жағармайының орнына 80-ші бензинді құюы әсер етті. Онымен қоса, коммуналдық шаруашылықтар үшін арнайы тапсырыспен бұл көлем зауыттармен шығарыла береді. Жоспар бойынша, мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыртылуы аяқталған соң, Аи-80 жанар-жағармайының өндірісі аяқталады және ол 2018 жылы орын алмақ», — деді Мағауов. Оның сөзінше, Қазақстандағы көліктердің 99%-ы Аи-92 және одан жоғары маркалы бензинмен жүреді. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2015 жылдың қыркүйек айының басында Қазақстанның монополияға қарсы күрес органдары Аи-92 және Аи-93 бензиндерін мемлекеттік реттеуден бас тартқан болатын. Өткен жылы дизельді отын бағасы да еркіне жіберілген еді.

 

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты