jasqazaq.kz

АЭС-ті кім салады: «Самұрық-Қазына» шетелдік 4 компанияны атады

28 желтоқсан 2022, 16:36

Қазақстандағы атом электр станциясын мердігерлердің халықаралық пулы салады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Ернат Бердіғұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, негізгі мердігер ретінде төрт компания қарастырылып жатыр.

«Қытайлық CNNC, кореялық KHNP, ресейлік «Росатом» және француздық EDF компанияларының бірі өз технологиясын қолдана отырып, станция өзегіне айналатын ядролық арал жасайды. Электр энергиясын өндіруге арналған бу турбиналарын басқа жеткізуші орнатады. Қазіргі уақытта бұл мәселеге америкалық General Electric, германиялық Siemens және кореялық компаниялардың бірі қарастырылып жатыр. Басқа тәуелсіз мердігер болашақ станцияның электр жабдықтарын жеткізеді», — деді Ернат Бердіғұлов.

Қордың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, қазіргі кезде швейцариялық Schneider және француздық Framatome компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Барлық жұмыстарды басқа тәуелсіз компания жүргізеді.

Қазірдің өзінде француздық Assystem компаниясымен тиісті меморандум жасалып үлгерген.

Еске сала кетсек, АЭС құрылысы бойынша соңғы шешім келер жылы қабылданады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде