
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов елімізде атом электр стансасын салуға қатысты пікірін айтты деп хабарлайды JQ-Aqparat.
«Атом электр стансасы — өте күрделі технологиялық объект. Біз бұл нысанды әлемдегі ең озық технологиялары бар компаниямен бірге салғымыз келеді. Әлемнің ең озық технологияларын тарту үшін көпжақты жоба болғанын қалаймыз. Негізгі жеткізуші ретінде «Росатомды» таңдауға қатысты шешім әлі қабылданған жоқ. Шешімді биыл халықаралық сарапшылармен пысықтай отырып қабылдаймыз. Бізде «Росатоммен» бірге арнайы жол картасы жасалды, енді дайындық жұмысын жүргізуіміз керек. Оның қорытындысы бойынша тікелей ядролық және басқа да жабдықтарды жеткізуші компания айқындалады», — деді Әлихан Смайылов.
Премьер-Министрдің айтуынша, АЭС салу сараптамалық зерттеуді талап етеді және әзірге соңғы шешім қабылданған жоқ.