
«Adal» партиясы өз қызметін тоқтатуға құжат тапсырды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Енді Қазақстанда тіркелген партиялар саны – 6.
«Adal» партиясы 2022 жылдың сәуірінен «AMANAT» партиясының құрамына кірген еді.
Бұған дейін аталған ведомство «Respublica» саяси партиясы әлі ресми тіркеуден өтпегенін мәлімдеген.
Сондай-ақ, «Байтақ» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы аталған саяси ұйымның жетекшісі Азаматхан Әміртай әлеуметтік желіде жазды.