jasqazaq.kz

Қабылан қастық жасады

19 желтоқсан 2016, 15:15

Краснояр өлкесіне қарайтын Боготол қаласының тұрғыны шапито циркінде қабылан шабуылдаған соң, қолынан жарақат алып ауруханаға түсті, деп хабарлайды Риа Новости жергілікті денсаулық сақтау мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерде оқиғаның арнайы қойылымдар кезінде болғандығы жөнінде ақпарат жүр. Ондағы мәліметтер бойынша, қабылан аң үйретушілерді тыңдамай көрермендер залына шығып кеткен. Әйел адам өзінің 6 жасар баласын жыртқыштан қорғамақ болып жарақат алған. Өңірлік полиция қызметкерлері агенттік өкілдеріне оқиғаның мән-жайын анықтап жатқандығын айтты. «Әйелдің жағдайы орташа. Қолы бірнеше жерінен тігілді. Красноярск қаласына апарудың қажеті жоқ. Қазір ол осы ауруханада ем алып жатыр»,-деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық