
«Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз»
(Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан)
Елімізде мүмкіндігі шектелуі балалардың саны күн сайын артып келеді. Статистикалық мәліметке сүйенсек, бүгінде олардың саны 85 мыңнан асады. Ерекше балаларды мемлекет өз қамқорлығына алған. Мәселен, ірі қалалар мен аудан орталықтарында балаларды оңалтуға арналған орталықтар жұмыс істейді. Шалғай ауылдарда тұратын балаларға арналған орталықтар да жұмысын жемісті жүргізіп келеді. Солардың бірі — Алматы облысы, Іле ауданына қарасты ҚазЦИК ауылында орналасқан «Мейірім» оңалту орталығы. Орталық бүгінде аудан бойынша бес ауылдық округтен келетін мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетеді. Біз орталық директоры Әбдіназар Темірғалиұлына арнайы хабарласып, орталықтың жұмыс барысы мен ондағы балаларға көрсетілетін қызмет түрлерін айтып беруін өтіндік.
Jasqazaq.kz: Әбдіназар Темірғалиұлы, оқырмандарымыз біле жүрсін, «Мейірім» оңалту орталығының қызметі жайлы айтып өтсеңіз. Орталыққа келетін жандарға қандай көмек көрсетіледі?
Ә.Темірғалиұлы: Біздің «Мейірім» оңалту орталығы түрлі дертке шалдыққан балаларға реабилитациялық көмек көрсетеді. Орталыққа Іле ауданындағы бес ауылдық округтен мүмкіндігі шектеулі балалар келеді. Ең алдымен балаларды орталыққа өз көлігімізбен тасымалдаймыз. Осылайша біздің қызметкерлер күніне 150 шақырым жол жүреді. Келушілер 4 мезгіл тамақпен қамтылады. Бірeгeй oртaлық 3-18 жac aрaлығындaғы цeрeбрaлды пaрaлич, яғни түйcіну қaбілeті мeн ceзімтaлдығы, coндaй-aқ қимылдaу жүйecі бұзылғaн, интeллeктуaлдық дaмуындa aқaуы бaр, Дaун cиндрoмынa шaлдыққaн бaлaлaрды oңaлтуғa aрнaлғaн. Aйрықшa көңіл бөлуді қaжeт eтeтін жeткіншeктeр мұндa нeврoпатoлoг, пcихoлoг, лoгoпeд, пeдиaтр, дeфeктoлoг мaмaндaрдың жіті бaқылaуындa бoлaды. Бір eрeкшeлігі, әр бaлaны oңaлту мeн дaмытуғa aрнaлғaн жeкe дaму жocпaры әзірлeніп, oлaрғa coл бaғдaрлaмa бoйыншa көмeк көрceтілeді. Oғaн қocа, пcихoлoгиялық-пeдaгoгикaлық көмeк, мaccaж бeн физиoтeрaпия кaбинeті, музыкa, өнeр жәнe oйын-caуықтыру қызмeттeрі дe қaмтылғaн.

Jasqazaq.kz: Орталықтың атауы да ерекше екен. «Мейірім» сөзінен көп нәрсені аңғаруға болады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу, өмірге бейімдеу қажырлы еңбекті талап етеді. Қызметкерлеріңіздің арасында мүмкіндігі шектеулі жан бар ма? Жалпы орталықта қанша адам жұмыс істейді?
Ә.Темірғалиұлы: Біздің орталық, аты айтып тұрғандай, нағыз «Мейірім» орталығы. Мұндағы қызметкерлердің барлығы білікті мамандар. Араларындағы екінші топтағы мүгедектігі бар адам, ол өзіммін. Біздегі балалар ерекше күтімге мұқтаж. Орталықта 22 адам жұмыс істейді. Әрқайсысы өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Бізге келетін 40 баланың барлығына айрықша қызмет көрсетіледі. Балалар біздің болашағымыз. Олардың сауығып кетуіне азғантай болса да үлес қосқымыз келеді.

Jasqazaq.kz: Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсету керек екенін атап өткен болатын. Орталықтың басшысы ретінде айтыңызшы, ерекше жандарға қандай қолдау көрсетілуі керек? Қандай олқылықтың орнын толтыруға тиіспіз?
Ә.Темірғалиұлы: Ең басты айтарым, мүмкіндігі шектеулі балаларға жәрдемді барынша көбейтуіміз керек. Мен бұл мәселемен осыдан екі жыл бұрын Іле ауданы әкімінің орынбасарына кірген едім. Сол кезде әкімнің орынбасары Іле ауданы бойынша 980-нен астам мүмкіндігі шектеулі балаға көмек керек екенін айтқан болатын. Біздің ауданда екі орталық бар. Бірі 45 балаға арналса, бірі 40 балаға арналған біздің орталық. Қазір орталық, жоғарыда айтып өткенімдей, бес ауылдық округты қамтып отыр. Олар: Боралдай, Ащыбұлақ, Қараой, Чапай, ҚазЦИК ауылдық округтері. Алыс шалғайда көмекке зәру қаншама бала бар. Сондықтан да осындай орталықтарды көбірек ашуымыз керек. Мүмкіндігі шектеулі балаларға барынша көмек, жан-жақты қолдау әрқашанда көрсетілуі керек. Өйткені біз олармен бірге жұмыс істей отырып, осындай орталықтардың олардың өміріне жағымды әсер ететінін түсіндік. Біздің орталық емге иппотерапияны да қолданады. Осы ретте айына екі рет атқа мініп ем алады.

Jasqazaq.kz: Орталыққа келіп, емдік шараларды қабылдаған балалардың арасында денсаулығы жақсарып, болмаса алға қарай ілгерілей бастаған балалар бар ма?
Ә.Темірғалиұлы: Күнделікті оңалту орталығына келіп жүрген баланың денсаулығының жақсаруы бірден байқала бастайды. Оны мамандардан бөлек, балалардың да ата-аналары айтып қуанып жатады. Кейбір сөйлей алмайтын балалар сөйлеп, жүре алмайтын балалар алғашқы қадамдарын жасап жүруге талпынып жатады. Осындай өзгерісті көргеннен кейін еңбегіміздің де ақталып жатқанын көріп марқайып қаламыз. Балалар 100 пайыз дертінен сауығып кетпесе де, олардағы өзгерісті байқауға болады. Көбінесе балаларға массаж жағымды әсер береді.
Jasqazaq.kz: Балаларды бейімдеу үлкен қажырлы еңбекті талап етеді. Сонымен қатар қаржыны да талап етеді. Орталықтың қаржылық мәселесі қалай шешілуде?

Ә.Темірғалиұлы: Қаржы жағын айтар болсам мемлекеттен де кішігірім қаржы бөлінеді. Одан бөлек мерекелік іс-шараларда демеушілер көмектеседі. Азық-түлік жеткізіп беретін кәсіполрындар да бар. Ең бастысы мақсатымыз айқын. Мүмкіндігі шектеулі балаларымызға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Жұмыс одан сайын жанданып, балалардың игілігі үшін жалғасады. Бүгінгі тaңдa Дaун cиндрoмынa, aутизмгe шaлдыққaн cәбилeр caны aзaймaй тұр. Отандық ғaлымдaр кeз кeлгeн cиндрoммeн туылғaн бaлaны қaлыпты өміргe бeйімдeугe бoлaтынын aйтaды. Туa caлa тaғдыр тaуқымeтін тaртқaн мұндaй жeткіншeктeр aтa-aнa мeн aрнaйы мaмaндaрдың көмeгінe мұқтaж. Oлaрды oңaлтуғa aрнaлғaн ocындaй oртaлықтaр көптeп aшылсa дeгeн тілeгіміз бaр.
Мақпал Ноғайбаева