jasqazaq.kz

Абай облысындағы өрт сөндірілді

26 мамыр 2023, 11:36

Әуе және жерүсті техникасын қолдана отырып, шұғыл қабылданған шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы бөлімшелердің тәулік бойғы жұмысының нәтижесінде Абай облысындағы орман алқабында тұтанған табиғи өрт 25 мамыр күні кешке толықтай сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес жергілікті аймақта тұрақты аэровизуалды тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. «Өрт орнын түрлі құралдарды қолдана отырып, қарауылдау ұйымдастырылған. Орман өртін сөндіруге жеке құрамның 800-ден астам адамы, 200-ден астам техника, 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. Сондай-ақ 10 тікұшақ — ТЖМ-нен — 5, Қорғаныс министрлігінен — 3, Экология министрлігінен -2 тікұшақ тартылды. Барлығы 357 892,5 тонна су төгілді», — деп жазды министрліктің баспасөз қызметі. Өртті оқшаулаудың жалпы ауданы шамамен 3500 га құрады. Секундына 6-10 метр екпінді желдің салдарынан, өртті сөндіру жұмыстары қиындады. Сондай-ақ тығыз өсетін дақылдар мен тұзды жерлер де өрттің өршуіне әсер етуде. Бүгінгі күнде жағдай бақылауда, техника мен жеке құрам жануды жою үшін жедел әрекет етуге сақадай сай тұр.

JQ-Aqparat

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты