jasqazaq.kz

Абай облысында 4 ауданды су басуы мүмкін

02 ақпан 2023, 12:58

Абай облысындағы Бородулиха, Бесқарағай, Үржар және Көкпекті аудандарын су басу қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РММ Абай облыстық филиалының мәліметінше, өңірдің бір қаласы мен 3 ауданында топырақтың қату тереңдігі 50 см-ден асып отыр.

Атап айтқанда, Семей (95 см) мен Абай (123 см), Бородулиха (81 см), Бесқарағай аудандары (97 см).

Қалған аймақтарда топырақтың қату тереңдігі 25-см-ден 46 см-ге дейінгі аралықта.

«Қыс басталғалы бері жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 338,4 мың текше метрге жуық қар шығарды. Су тасқыны кезеңіне орай 27,5 мың ыдыс-қап, 2,5 мың тонна инертті материал және 265 тонна жанар-жағармай дайындалды. Қар жамылғысы мен тасқын судың өтуіне ғарыштық мониторинг жүргізу мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ-мен келісімшарт жасалған. Облыстағы қар қорын аэровизуалды зерттеу және гидрологиялық жағдайға мониторинг жүргізу үшін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтарын тартамыз», — деді Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов бүгінгі брифингіде.

Оның айтуынша, өзендердегі қалың мұзды жарып, мұз кептелуінің алдын алу үшін 52 млн теңге бөлінген. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Көктемдегі төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарды эвакуациялау үшін 5315 орындық 43 уақытша орналастыру пункті дайындалды.

«2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы шеңберінде жоспарланған 12 шараның 8-і жүзеге асты. Осы бағдарлама нәтижесінде 10 елді мекендегі 1175 адам тұратын 433 үйді су басу қаупі жойылады», — дейді Манарбек Шапағатов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде