
Қазақстандық былғары қолғап шебері Назым Қызайбай бокстан Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына өтті.
кaz.365info.kz сайтының хабарлауынша, ол байрақты бәсекенің ақтық сынына жолдама алған алғашқы аруымыз. Ол байрақты бәсекенің ақтық сынына жолдама алған алғашқы аруымыз..
Қазақстандық Назым Қызайбай (48 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) жартылай финалдық жекпе-жекте Оңтүстік Корея өкілі Йон Гум У-ды жеңді. Есеп — 3:0 (40:36, 39:37, 39:37).
Шешуші кездесуде Назым америкалық Марлен Эспарзуды жеңген қытайлық Юян Ванмен жұдырықтасады.Финал ертең, 27-мамырда өтеді.