jasqazaq.kz

Ақтөбенің сұлу жерлерін көрсеткісі жоқ

27 шiлде 2016, 17:02

Актобе Байганин Бортаулар (564)

 

Ақтөбенің Бор тауларына туристерді тартудың қажеті шамалы. Өңірдегі табиғаты сұлу өңірге туристердің жол түссе, барлық әдемілікті құртуы мүмкін. Облыстық сыртқы байланыс және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлының пайымынша, Байғанин ауданындағы Бор тауларға автокөлік жолдарын салудың қажеті жоқ көрінеді.
«Бор таулар өте алыста. Ол жақтарға автокөлік жолдарын салудың қажеттілігін сезініп тұрған жоқпыз. Бір ғана автожолмен туризм мәселесін шешу мүмкін емес, — дейді ол.
Ермек Кенжеханұлының айтуынша, егер мұндай жерлерге жол тартылса, туристік тартымдылығы бұзылады.
«Кейбір жерлерге жол салудың қажеті жоқ. Жабайы туризм де туризмнің бір түрі», — деп қысқа қайырды ол.
Айта кетейік, осыдан бес жыл бұрын туристік фирма қызметкерлері Бор тауларға арнайы тур ұйымдастырған болатын. Жол жоқ, мобильді байланыс үзіледі. Құмның үстінде автобус бірнеше рет тоқтап қалды. Ішетін су тапшы. Дегенмен, адам аяғы баса бермеген сұлулық барлық қиындықты ұмыттырып жібереді.
Облыстың керемет жерлерін насихаттамақ болған туристік мекемелердің бастамасы кейін аяқсыз қалды.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық