jasqazaq.kz

Ақтөбеде бірнеше мешіттің имамы ауысты

07 қазан 2016, 23:30

snimok

Ақтөбе облысында екі мешіттің бас имамы ауысты. Темір ауданындағы «Досжан ишан» мешітінің бас имамы болып Мадияр Пірімқұлов тағайындалды. Ал Мұғалжар ауданының орталығы Қандағаштағы мешіттің басшылығы имам Ерболат Жүсіповке тапсырылған.

Тағы бір діни маман Қуандық Зинадин наиб имамдық қызметке кірісті. Қандағаштағы «Нұртай» мешітінің бұрынғы бас имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов та бұдан былай наиб имам міндетін атқарады.

Жаңадан тағайындалған имамдар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) жолдамасымен келген. ҚМДБ-ның аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев Ақтөбенің мешіттеріне тағы он шақты маман жібермек жоспарларын айтады. Оның сөзінше, қазан айының басында Ақтөбе облысындағы 60-тан астам имам аттестациядан өтіп, 10 имам аттестациядан өтпей қалған. Сынақтан өтпеген имамдар Ақтөбе медресесінің жанынан сырттай оқу бөлімінде оқымақ.

Темір мен Мұғалжар – Ақтөбе облысындағы діни ахуалы күрделі саналатын аудандар. Бұл туралы діни экстремизм тақырыбындағы жиындарда жиі айтылады. Ауыс-түйістің неге осы екі ауданнан басталғаны туралы облыстық «Нұрғасыр» мешіті түсініктеме берген жоқ.

Биыл маусымның 5-інде Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеде шабуыл жасағандардың «радикалдық діни топ өкілдері» болғанын және олардың «шетелден нұсқау алғанын» мәлімдеген.

tilshi.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық