jasqazaq.kz

Ақтөбеде 4 күн бұрын жоғалған оқушы қыздың пәктігінен айырылғаны белгілі болды

26 сәуiр 2017, 0:06

Ақтөбеде 4 күн бұрын жоғалған сегізінші сынып оқушысы пәктігінен айырылған болып шықты. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

Ақтөбе әкімдігіне қарасты кәмелетке толмағандар және олардың құқығын қорғау істері жөніндегі комиссияның хатшысы Ботагөз Бисенованың айтуынша, қыздың ата-анасы бар, ақтөбелік мектепте 8-сыныпта оқиды. Ол тамызда 15 жасқа толады. «Қыз үш мәрте үйінен қашып кеткен. Бірінші кеткенінде ешкімге ештеңе айтпай, кешке бірақ келген. Екінші рет кеткенде бір тәулік бойы жоғалған. Таяуда қыз шешесімен жанжалдасып, «Мегада» жүрген, бөтен үйдің кіреберісінде түнеген, қайтып келсе, ұрыс естимін деп қорыққан, ал кейін сабағына бармаған. Таңертең үйіне оралған. Ал үшінші кеткенінде төрт күн жоғалған, ол Хромтау ауданы орталығында табылды», — деп әңгімеледі Бисенова. Оның айтуынша, сегізінші сынып оқушысы әлеуметтік желілерде ересек адамдармен достасқан. Солардың бірінің көлігіне отырып, Хромтауға кетіп қалыпты. «Жолда көлік ішінде оны пәктігінен айырған, — дейді Бисенова.

Жігіт кәмелет жасынан асқан, 19-да. Ол мұның барлығын екі жақтың келісімімен болғанын айтса да, қылмыстық іс қозғалды». Таяуда кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия полицияның нұсқасымен келісіп, іс материалдары ювеналды сотқа жолданыпты. Енді қыз баланың Қызылордадағы әумесерлік мінез-құлығы бар балалардың арнайы мектебіне бара ма, жоқ па — мұны сот шешеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық