
Ресейдің Сирияға қатысты жүргізіп отырған саясатына наразы болған ақтөбелік көрші мемлекетте жарылыс ұйымдастыру керек деп шешсе керек. Бұл туралы үзеңгілестермен де әңгіме-дүкен құрғанға ұқсайды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Әбдіраев есімді азамат Сәрсенбаев пен Әбиевке Сирия мемлекетінің аумағында болып жатқан соғыс жағдайы туралы сөз қозғаған. Ресей Федерациясының Сирия еліне жасаған антитеррорлық операциясына ызаланғанын да жеткізіпті. Осылайша, Ресей аумағында лаңкестік әрекет жасауға шақырады екен.
Ақтөбе қаласының №2 сотында Әбдіраевқа қатысты қылмыстық кодекстің «терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» бабы бойынша іс қаралып жатыр.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе