jasqazaq.kz

Ақтөбе облысының «бас педагогы» кейбір мектептерге кіре алмады

27 наурыз 2017, 11:11

Ақтөбе облысының білім басқармасы ескертусіз рейд жүргізді. Басқарма басшысы Сәуле Өмірбекованы кейбір мектептерде күтпесе керек, ал бір білім ордасының есігі мүлдем жабық болып шықты.

«Рейдтің мақсаты — мектеп жасындағы балалардың сабақтан тыс уақытта спорт үйірмелеріне қаншалықты жұмылдырылғанын анықтау, — деді білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова. — Мұндай рейд алғаш рет өткізіліп отыр. Қала бойынша 45 мектепті аралап шығу үшін 6 топ құрдық. Білім беру мекемелеріндегі спорт залдарды қарап шығамыз. Бір айта кетерлігі, мектеп директорлары бұл рейдтен бейхабар».

tilshi.kz хабарлағандай, расымен де, білім ошақтары ескертілмеген рейдке дайын болмай шықты. Кейбір мектептерде спорт залдары бос болды, ал қаланың Тұрғындар қалашығы ауданында орналасқан №16 мектептың есігі мүлдем жабық болып шықты.

«Рейд қорытындысын қалалық әкімдікке жібереміз. Міндетті түрде шара қолданылады. Негізі, аптаның сенбі күндерінде барлық мектептерде спорттық үйірмелер жұмыс жасау керек», — деді Сәуле Өмірбекова.

Білім басқармасынан хабарағандай, облыс көлемінде 400-ден астам орта мектепте барлығы 128 мыңға тарта оқушы білім алады. Олардың шамамен әрбір бесіншісі спорт үйірмелеріне қатысады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық