jasqazaq.kz

«Ақтөбе» ФК бұрынғы бас директорына үкім шықты

26 мамыр 2017, 17:26

«Ақтөбе» ФК бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Ескендікбек Махановқа сот үкім шығарды.

Дмитрий Васильевтің мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал Ескендікбек Махановқа 7 жыл тағайындалып, енді ол 6 жыл 6 айын темір тордың ар жағында өткізетін болды. «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры қызметін атқарған Дмитрий Васильев 2016 жылдың 8 қарашасы күні Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша қамауға алынған болатын. Ал басты сот отырысы сәуірде басталды. Дмитрий Васильев ақшаны талан-таражға салмағанын, үнемдегенін айтып, ақталды. Дегенмен мемлекеттік айыптаушы Васильевтің айына 4 миллион теңге жалақы алып отырғанын, өзіне негізсіз сыйақы тағайындағанын айыптау қорытындысында тізбектеп берді. «Бас директордың айлығы 4 миллион теңге болған. Сөйтіп, 2015 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың қазанына дейін Васильевке 40 миллион 315 мың теңге аударылған. Шығын — 36 миллион 500 мың теңге. Сонымен қатар, 2016 жылы шілде айында тағы 10 миллион 980 мың теңге сыйақы берген»,- деді сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Елубек Таласов. Айыптау қорытындысы кезінде облыстық дене шынықтыру жән спорт басқармасының бұрынғы басшысы Ескендікбек Махановтың «Ақтөбе»-«Будапешт», «Ақтөбе»-«Атырау» ойындарын қарауға барып, жол шығыны мен жатын орнының ақшасы клубтың қаржысынан жұмсалғаны белгілі болды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық