jasqazaq.kz

Ақша жымқырудан жарысқа түсті

15 ақпан 2017, 19:52

Қазір жеңіл жолмен ақша табудың жолы көп. Бұл келеңсіздік  спортты да айналып өтпейді. Пысықай жаттықтырушылар алысқа бармай-ақ, үйде жатып қалтасын қампайтады. Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты мекемелерде дау өршіп тұр. Тime.kz интернет порталы жазғандай, 6 бапкер жалған есепшот, тіпті спортшылардың шетелге шығу құжатын да жасаған. Ең қызығы, алтауы да  темір торға тоғытылмай, әлі күнге жұмысын жалғастыруда. Мәселені тарқатып айтатын болсақ, жаттықтырушы Ержан Байжұманов 2012 жылы Моңғолияға  жаттығу сапарын «ұйымдастырыпты». Оны қаржыландыру үшін ол дирекциядан қомақты қаржы сұраған. Сөйтіп,  оның жеке есеп шотына 8 млн 436 мың теңге аударылады.  Бапкер бухгалтерияға қонақ үйде болғанын растайтын құжат пен әуе билетін, тіпті сапарға барған спортшылар қол қойған құжатты да тапсырады. Кейінірек спортшылардың Моңғолияға бармағаны анықталды. Спортшылар ел аумағынан ары аспапты. Осының бәрі дәлелденген соң Е.Байжұмановқа кінәсін мойындаудан басқа амалы қалмады. Ол жымқырған қаржының жартысын қайтарып Астана сотымен өзара мәмілеге келді. Ол  3 жылға шартты түрде жазаланып, әлі де қызметін жалғастыруда.

Қазынаға қол салудан жүзу жаттықтырушысы Бекен Бекмұхамбетов қалыспапты. Ол 9 млн  теңгені қалтасына басқан. Әдіс-тәсілі бірдей. Мәскеуге оқу-жаттығу сапарын ұйымдастырған. Ол да кінәсін мойындап, қарызын толығымен өтеп 3 жылға шартты түрде жазаланған. Ал жеңіл атлетика  бойынша бапкер  Вьячеслав Сокирко  мемлекетке 5,5 млн теңге залал келтірген. Ол  спортшыларды Қырғызстанға апардым деп жалған құжаттар ұсынған. Бұл қателігі оған оңай соқпады. Шығынды толық өтеп, рақымшылық аясында екі жылға шартты түрде жазаланды.  Сол жылы батутпен секіруде бапкер Валерий Муртазин Ресейге жалған сапар ұйымдастырып, 3,3 млн теңгені қолды еткен. Бұл осымен аяқталмайды. Мемлекет ақшасына қол сұққан  тағы екі жаттықтырушы Виктор Ким мен Игорь Рыбин әріптестерінен қалысар емес.  Рыбиннің қалтасына 61 млн (!) теңге аударылыпты. Кінәсін мойындаған Рыбин тек 7,5 млн теңгені ғана қайтарған. Виктор Ким де 15 млн теңгені қолды еткен. Қарап отырсақ барлығының ақша жымқыру механизмі бір.  Қаншама қаржыны қолды етсе де спорт жаттықтырушылары темір торға тоғытылмай, шартты мерзімге кесілген.

Бүгін, 14:29
Школы Туркестанской области вступают в цифровую эпоху
Бүгін, 14:14
Туркестан: В школах «Келешек» реализуются современные образовательные проекты
Бүгін, 13:54
В Туркестанской области активизируют работу по обеспечению занятости населения
01 маусым, 14:55
Алматыда Балаларды қорғау күніне орай инновациялық шығармашылық орталығы ашылды
28 мамыр, 17:07
Алматы облысында төтенше жағдайларға қарсы қандай жұмыстар жүріп жатыр?
28 мамыр, 14:21
Туристический потециал Отырара: новый взгляд на древнее наследие
28 мамыр, 14:02
В Туркестанской области введены в эксплуатацию 29 «Комфортных школ»
28 мамыр, 14:00
Туркестанская область - лидер по краткосрочным экономическим показателям
28 мамыр, 13:59
Туркестан: Ведется строительство солнечной электростанции мощностью 300 МВТ