jasqazaq.kz

А.Рау: «Ойбайға» баспаңдар!

15 қыркүйек 2016, 14:10

Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау кәсіпорын басшыларын «ойбайға» баспай, өндірістерін жетілдіруге шақырды.

Бүгін Астанада өнеркәсіптердегі бәсекеге қабілеттілікті арттыруға арналған бесінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда кәсіпорындарды жаңғырту мен жетілдірудің маңыздылығына тоқталған А. Рау, осы ретте біліктілікті арттыру мен модернизациялануға қадамдарды жасаудан тартынбауға шақырды.

«Жаңғырту мен жетілдіруге  мән беру керектігін үнемі қайталап айтудамыз. Шын мәнінде осы қадамдардың негізін түсінгендер, өзінің бастамаларында сенімдірек сезінеді. Ал модернизацияны түсінбегендер «ойбайға» салып, «барлығы құрыды, қазіргі ДСҰ мен Кедендік одақ бізді ығыстырып тастайды» деп байбаламға басып жатады.  Осы ретте үйреншікті түрде қазақстандық қамту аясында пана тапқысы келеді. Егер де бәсекеге қабілетті болсаңыздар, неден қорқасыздар?» — деді бірінші вице-министр.

Осыған байланысты ол елімізде батыл қадамдар жасап, кәсіпорындарын жетілдіру бағытындағы жобаларды үлгі ретінде атап өтті.

inform.kz

 

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты