
Жаңа оқу жылының басталауына тұп-тура тоғыз күн қалды. Ал, Көкшетаудың кейбір тұрғындары балаларын толық мектепке дайындай алмай жатыр. Оған себеп, биыл оқу құралдарының былтырғымен салыстырғанда екі есеге дейін қымбаттауы. Сатушылар болса, бұл мәселені теңгенің құлдырауымен байланыстырып әлек.
Көкшетаудағы оқу құралдарының бағасы басқа жермен салыстырғанда әлдеқайда арзан дүкен, осы. Ақшасын үнемдегісі келгендер жылда осында келеді. Алайда, қаржыларын жеткізгісі келетін ата-аналардың өздері қолжетімді дүкеннің өзінен алғанда қомақты қаражат жұмсайсың,- дейді. Мәселен, биыл жаңа оқу жылына бір оқушыны қамдау үшін орташа есеппен 70 мың теңгедей ақша қажет екен.
Салтанат Қанафина, Тұрғын:
— Осы құжаттары үшін киім-кешек, аяқ-киім барлығын қосқанда 70 мың теңгеге жоспарлап отырмыз.
Бұл тек бастауыш сынып оқушылары үшін. Талғамы бөлек жоғары сынып оқушыларына орташа есеппен 150 мың теңге жұмсалмақ. Оған себеп, биылғы жылы оқу құралдары мен киім- кешек екі есеге қымбаттаған. Мысалы, 12 беттік дәптердің өзі 15 теңгеге жеткен. Ал киімге келсек, мысал ретінде алайық, балалардың спорт формасының ең төменгі бағасы 4 жарым мың теңге. Былтыр бұл баға орташа баға болып саналған. Мұндай қымбатшылықты сатушылар теңгенің құлдырауымен түсіндіреді.
Алина Аматова, Базар сатушысы:
— Екі есе қымбаттады, доллар түсіп кетті, доллар қымбаттады.
Қымбатшылықтан жаңа оқу жылына оқушылардың барлығы бірдей дайын емес. Көкшетаудағы екі мыңға жуық оқушы аз қамтылған отбасылардың балалары. Олардың 234 -і бірінші сыныпқа бармақшы. Қалалық білім басқармасы шамамыз осы бірінші сынып оқушыларына оқу құралдарын алуға ғана жетеді,- деп отыр.
Шынар Ілиясова, Көкшетау қаласы білім бөлімінің бас маманы:
— 96 балаға көмек көрсетілді. Олардың әрқайсына мектепішілік қордан 3 мыңнан 5 мың аралағында оқу құралдары алынды.
Ал қалған бірінші сынып оқушыларына демеушілер іздеп жатырмыз — дейді білім бөлімі қызметкерлері.