jasqazaq.kz

Оразасын обал қылған бала

05 маусым 2019, 16:24

Болған оқиға.

Отыз күн ораза ұстап, бүгін айттың бірінші күнін қарсы алдық! Таңмен таласып автобусқа міндім. Жұрт бірін-бірі мерекемен құттықтап жатыр. Арт жаққа барып тұрдым. Соңғы қатардағы ұзын орындыққа кілең жастар жайғасыпты. Үлкендерге орын бермейді. Біреуі ұйқылы-ояу қалғып-мүлгіп отыр, біреуі телефон шұқылап келеді. Терезе түбіндегі бозбала телефонмен біреумен сөйлесіп отыр. Әңгімесі назарымды бөле берген соң, еріксіз құлақ түрдім.

-Сендерге айттым ғой. «Ораза бітсін. Содан кейін көкке де шығамыз. Көк шөлмекті де сындырамыз!» дедім – дейді.

Аржақтағы дауыс та анық естіледі:

-Бәрің молда болатындай ауыз бекітіп алып, маёвканың маёвкасы болмады. Қыздарға әңгіме жоқ. Өткенде ауылға келді. Отдуши ішті. Бұрынғыдай емес, бәрінің понятиясы өзгерген. Мәләдес! – дейді.

-Жігіттердің атынан кешірім сұраймын! Айыбымызды жуамыз, брат! Ауылдағы балаларға айт. Осы суббота кластастардың бәрін алып барамын. Ораза бітті, от души қуамыз! – дейді, әлгі 15-16 жастағы бозбала.

— Бауырым, айт қабыл болсын! Оразаға әрең шыдағансың ау?! – дедім, сөзін бөліп.

-Жоқ, не ғой, брат!.. Ауылдағы кластастар ғой… Жай айтып жатырмын… Ішпейміз ғой… – деп міңгірледі.

Ақыл айтайын десең, өзі де бәрін түсініп отырғандай. Оның үстіне, ақыл тыңдай қоятын адамға ұқсамайды. Автобус аузы-мұрны толған адам. Мұрт шығып қалған соқталдай балаға көптің көзінше бірдеме айтамын деп, ол бетімді қайтарса, ұяттың көкесі сонда болмай ма. Одан артық үндемедім. Өз аялдамама жеткенде «Жолың болсын, батырым! Бірақ от душиыңды қой! Отыз күнгі оразаңнан обал болады» — деген болдым.

Жарас Шөке

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты