jasqazaq.kz

Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі

26 сәуiр 2019, 14:47

Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын JAS QAZAQ газетінде және
www.jasqazaq.kz сайтында ұсыну тәртібі мен төлем мөлшері туралы мәліметтер

JAS QAZAQ газеті «Аманат Медиа» ЖШС-і және www.jasqazaq.kz сайтының меншік иесі.
JAS QAZAQ газеті – 2005 жылдан бері қазақ тілінде жарық көретін, ұлттық апталық.
Газеттің форматы – D2
Газет аптасына 1 рет, жұма күні шығады.
Газеттің бір бетіндегі жарнама көлемі – 1600 ш. см
Апталық тираж – 5000 данадан кем емес.

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Президент сайлауына қатысатын кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға арналған баспа беттерін JAS QAZAQ газетінде және www.jasqazaq.kz сайтында беру талаптары жайында хабарлайды.

Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын ұсыну тәртібі

Үгіт-насихаттық баспа материалдары Газетке Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 3-тармағының 28-бабында көзделген көлемде, Газеттің меншік иесімен басылымнан орын беру туралы келісімге қол қоюға өкілетті тұлғаның қолымен ұсынылады.
Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдары Газетке модуль немесе мақала түрінде ұсынылады.
Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын Газеттің беттерінде орналасуын Редакция өзі анықтайды.
Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдары Газетке шығатын күнінен 3 (үш) жұмыс күн бұрын беріледі.
Егер Президенттікке кандидат сайлау алдындағы бағдарламасында Республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеяларын уағыздайтын болса, газет үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Газеттің баспа бетіндегі орынның төлемақысы мен оны төлеу тәртібі

Үгіт-насихаттық және ақпараттық материалдар үшін басылым бетінен орын беру ақысы:
Дайын мақаланы немесе модульді ішкі бетке орналастыру 1 ш. см – 1000 теңге ҚҚС қоса есептегенде.
Дайын мақаланы немесе модульді 1-ші; 8-ші (бетке түрлі-түсті бет) орналастыру 1 ш. см – 1100 теңге ҚҚС қоса есептегенде.
Дайын мақаланы www.jasqazaq.kz сайтында орналастыру (кеңістікті есептегенде әрбір 2500 п.б. дейін 1 күннен кем емес) – 100 мың теңге ҚҚС қоса есептегенде.
Төлем Газет басылымнан орын беруі туралы тиісті келісімшартында көрсетілген банк реквизиттері бойынша немесе ұсынылған төлемшот негізінде алдын ала, төлемшот ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде төленуі тиіс.

Мекен жайы: Алматы қаласы, Мәуленов, 85 үй, №61 кеңсе, 3-қабат. Байланыс тел. 8 (727) 272-46-22, 272- 43-25 E-mail: jas_qazaq@mail.ru

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық