jasqazaq.kz

Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды

18 тамыз 2016, 2:07

photo_82010

69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов  Олимпиада ойындарының финалында жеңіске жетіп, чемпион атанды.
Данияр финалда өзбек боксшысы Шахрам Гиясовты жеңді. Қазақ боксшысы бірінші раундта қарсыласынан басым болды. Бұл үстемдікті ол екінші, үшінші кезеңдерде арттыра түсті.

Боксшымыз жартылай финалдық жекпе-жекте маңдайынан жарақат алып қалған еді. Алайда финалға дейін дәрігерлер оның жарақатын емдеп жазуға тырысқан екен. Финалдық бәсеке барысында Данияр жеңіл қимылдап, қарсыласының ұтымды шабуыл жасауына мүмкіндік бермеді.

Осылайша, Данияр “69 келі – қазақтың салмағы” деген игі дәстүрді жалғастырды. Еске сала кетсек, 2004 жылы Афины Олимпиадасында Бақтияр Артаев, 2008 жылы Пекин Олимпиадасында Бақыт Сәрсекбаев, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Серік Сәпиев осы салмақта оОимпиада алтынын еншілеген еді.

Бұған дейін 91 келі салмақта бокстасқан Василий Левит Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған еді.

stan.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық