jasqazaq.kz

Зейнетақы отбасылық кіріске жата ма?

18 наурыз 2019, 22:17

Отбасылық кірістен зейнетақыны алып тастауы мүмкін. Министр Бердібек Сапарбаев заңда шикілік бар екенін мойындады. Ал екі қолға бір күрек таппай жүрген жұртпен жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы жоқ. Сенатқа Үкімет сағатына келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі депутаттардың сынына қалды. Бұл туралы КТК теларнасы хабарлады.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

— Ірі елді мекендердегі жұмыспен қамту орталықтарына қатысты мәселе бар. Әдемі бөлмелерінде жұртпен шаруасы жоқ мамандар отырады. Ал қарапайым жұрт мемлекеттен қандай көмек көрсетіліп жатқанын, қандай жеңілдетілген несиелер барын білмей сенделіп жүр.

Ал көпбалалы отбасылар үшін ең басты мәселе – баспана болып отыр. Оларды үймен қамту биылдан басталмақ. Алғашқы жартыжылдықта 2 мың отбасын пәтермен қамту көзделген. Ал жалпы жоспар үшін 10 жылдық бағдарлама жасалған. Бүгінде елімізде 340 мыңдай көпбалалы отбасы болса, соның 28 мыңы баспана кезегінде тұр. Бұл мақсатта жылына 2 пайыздық үстемемен ипотекалық бағдарлама жасалды. Соңғы уақыттары ел аузынан түспей жүрген зейнетақыны отбасылық кіріс санатына қосу жайы енді қайта қаралып жатыр екен.

Бердібек Сапарбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

— Мысалы, неге зейнетақы есептеледі, басқа есептеледі? Біз енді біріншіні бастадық. Кемшіліктер деп айтамыз ба, олқылықтар деп айтамыз ба, оның бәрі өзінің рет-ретіменен, кезең-кезеңіменен шешілетін болады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық