jasqazaq.kz

Жаңа Зеландиядағы оқиға: Тікелей эфирде оқ жаудырған

15 наурыз 2019, 17:48

Жаңа Зеландиядағы Крайстчерч қаласының екі мешітінде атыс болды. Нәтижесінде 49 адам қаза тапты. Бүгін, 15 наурызда таңғы уақытта Крайстчерчта атыс болды. Шабуыл таңғы уақытта жасалған, ол уақытта мешітте бірнеше жүздеген адам болған. Осыдан кейін мешіттерге қаруланған жасақ шақырылып, барлық мектеп пен жақын маңдағы көшелер жабылған. Жергілікті әуежай рейстарды кейінгі қалдырды. Авиациялық қауіпсіздік өкілдері терминалдарда тексеріс жұмыстарын күшейткен.

РИА Новости мәліметінше, елдің бас полицейі Майк Буш 49 адамның өлімі жайлы хабарлады. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, емханада оқ жарақатын алған 48 адам жатыр. БАҚ мәліметінше, мешіттердің бірінде шабуылды Аустралия азаматы жасаған. Кейінірек суреттегі ер адам жайлы ақпарат шықты, ол Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орналасқан Графтон қаласының тұрғыны Брентон Таррант (Brenton Tarrant) екен. Тағы бір мәлімет бойынша, ол 37 беттік «манифест» жазған. Ол жақта өзінің мақсаттары айтқан.

Кейін Жаңа Зеландияның премьері күдіктінің расында да Аустралия азаматы екенін растады. Сондай-ақ, премьер-министр Джасинда Ардерн осы оқиғаға байланысты төрт адам ұсталғанын айтты. Оның айтуынша, күдікті Таррантаның екі сыбайласы болған. Ал төртінші ұсталған күдіктінің бұл жағдайға қатысы жоқ екен. Қаскүнем Брентон Таррант мешіттердің біріне жасаған шабуылын әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирден көрсеткен. Жаңа Зеландияның полицейлері қаскүнемнің түсірген видеосын жарияламауды сұраған. Мешіттегі адамдардың бірі шабуыл кезінде қашу үшін шыны есіктерді бұзған. Тірі қалғандардың бірі лаңкестен тығылу үшін орындықтың астына жасырынғанын айтқан.

Премьердің баспасөз мәслихаты аяқталуға жақын қалған кезде Оклендтегі вокзалда жарылыс болған. Айта кетейік, Окленд қаласы шабуыл жасалған Крайстчерчтен мың шақырым қашықтықта орналасқан. Кейін ол жарылыстың себебі анықталды. Осыған дейін Жаңа Зеландияда жаппай адам өлтіру оқиғасы 1990 жылы болған екен, ол кезде Арамоана ауылында бір қаскүнем 24 сағаттың ішінде 13 ер адам мен әйел адамды және баланы өлтірген. Кейін полицейлер оның көзін жойған.

Tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық