
Алматы полициясы әлеуметтік желіде ұларалық араздықты қоздыру фактісі бойынша ашылған істі тергеп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы қаласының полиция Департаменті әлеуметтік желінің көмегімен жүйелі түрде қоғамда ұларалық араздық тудыратын өз монологы жазылған видео таратып жүрген Б. атты азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды», – делінген ақпаратта.
Іс ҚР ҚК 174 бабы «Ұларалық араздықты қоздыру» бойынша қаралуда, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Қылмыстық іспен Алматы ПД тергеу басқармасы айналысып жатыр.