jasqazaq.kz

Сауда орындарындағы жұмыртқалар тексеріледі (видео)

19 ақпан 2019, 15:43

Алматыда қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті жұмыртқалардың тазалығын тексеру үшін сауда орындарында тексеру жүргізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат сайтына департамент басшысы Айзат Молдақасымова айтты.

«Біз қаладағы барлық сауда орындары мен супермаркеттерден, базарлардан жұмыртқа өнімдерінің сынамаларын аламыз. Жұмыртқаның химиялық құрамына химиялық талдау жасаймыз, маркерлену тәртібін қадағалаймыз. Содан соң ғана бұл өнімнің қандай қаупі барын айта аламыз», — деді Айзат Молдақасымова. Департамент басшысының айтуынша, мұндай тексерулер жыл сайын жүргізіліп тұрады. Бірақ, биыл дүкен сөрелерінен мұндай сапасыз өнім табылмаған. Әзірге департаментке ешкім шағымданған жоқ. Айта кету керек, соңғы жылдары Қазақстанда Қытайдан келген сапасыз азық-түлік туралы видео тарап кеткен. Оның ішінде жұмыртқаның қолдан жасалған түрі де бар. Бұл жұмыртқа ұзақ уақыт сақталады. Бұл өнімдерді сыртқы түрінен ажырату мүмкін емес. Тек қайнаған соң «жалған» жұмыртқаның сарысы доп сияқты секірмелі болып қалады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Общественное Объединение ОСА (@oo_osa_semey_vko)

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты